Аталмыш баяндама балалардың психологиялық денсаулығы мен дамуына балаларға арналған өнімдердің әсер етуі жөніндегі әлеуметтік зерттеудің нәтижелерін қамтиды. Зерттеуді «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жүргізді. Баяндамада балалар өнімдерінің сапасын және айналымын қадағалау, балалар өнімдерін енгізуге шектеу қою үшін қажет шаралар мәселелері көтерілді, сондай-ақ танымал балалар өнімдеріне (ойыншықтар, телеканалдар, ойындар) баға берілді.