Жобалар
Астанада жастар ресурстық орталықтарының алқасы өтті

Астанада жастар ресурстық орталықтарының алқасы өтті

В Астане прошла коллегия молодежных ресурсных центров

Астанада жастар ресурстық орталықтарының алқасы өтті

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы 27 қазанда Астана қаласында Astana IT университетінде облыстық, қалалық және аудандық жастар ресурстық орталықтары басшылары қатысқан алқа жиынын ұйымдастырды.

Бұл іс-шара мемлекеттік жастар саясаты жүйесіндегі жұмыстың сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында орталықтардың қызметін дамыту үшін жыл сайын өткізіліп тұрады.

Алқа жиыны барысында Шымкент және Астана қалалық ЖРО-ларының атқарған жұмысы, цифрлық және кәсіпкерлік дағдыларға оқыту курстарын ұйымдастырудағы тәжірибесін бөлісті.

Сонымен қатар алқа шеңберінде қатысушыларға «JASTAR LIVE» атты жастарға арналған мобилді қосымшаның презентациясы таныстырылды.

Іс-шара барысында ЖРО-ның келесі жылға жұмыс жоспарлары мен қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар талқыланды.

27.10.2023 315

Тізімге оралу