Үйрену
Мемлекеттік жастар саясаты мектебі: "Жастарға арналған лудомания, нашақорлық және репродуктивті денсаулық саласындағы психологиялық консультациялар" семинар-тренингі, 9-11 тамыз 2023 жыл

Мемлекеттік жастар саясаты мектебі: "Жастарға арналған лудомания, нашақорлық және репродуктивті денсаулық саласындағы психологиялық консультациялар" семинар-тренингі, 9-11 тамыз 2023 жыл

Школа государственной молодежной политики: Семинар-тренинг "Психологические консультации для молодежи, в том числе в сфере лудомании, наркомании и репродуктивного здоровья", 9-11 августа 2023 года

Мемлекеттік жастар саясаты мектебі: "Жастарға арналған лудомания, нашақорлық және репродуктивті денсаулық саласындағы психологиялық консультациялар" семинар-тренингі, 9-11 тамыз 2023 жыл

9-11 тамыз күндері Семей қаласында лудомания, нашақорлық және репродуктивті денсаулық салаларында кеңес беру бойынша жастар ресурстық орталықтары қызметкерлері мен жастар ұйымдарының мамандарына арналған үш күндік оқыту тренингтері өтті. Аталмыш семинар-тренинг ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті мен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының Мемлекеттік жастар саясаты мектебі аясында өтуде. Сондай-ақ іс-шара Қазақстандағы UNFPA қорымен серіктестікте ұйымдастырылды..

Ресми деректерге сәйкес, құмар ойындарды көбінесе 29-34 жас аралығындағы жастар ойнайды (4,7%). Сонымен қатар елімізде 100 мыңға жуық адам психоактивті заттарды қолдану салдарынан психикалық мінез-құлық бұзылыстары диагнозымен динамикалық бақылауда, оның 6%-ы, яғни 6 мыңға жуығы 18 бен 29 жас аралығындағы жастарды құрайды.

Семинар-тренингке Қазақстанның он өңірінен жас мамандар қатысты. Оқыту барысында қатысушылар тәуелділік түрлері мен оның адам ағзасы және өміріне әсерімен танысты. Басты назар Қазақстандағы нашақорлық пен тәуелділіктің алдын алу механизмдерімен танысуға аударылды.

11.08.2023 368

Тізімге оралу