Мемлекеттік жастар саясаты мектебі: "NEET санатындағы жастармен жұмыс" семинар-тренингі, 2023 жылғы 26-28 шілде
26-28 шілде аралығы Алматы қаласында NEET санатындағы жастармен жұмыс істеуге арналған үш күндік семинар-тренинг өтті.
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында елімізде NEET санатындағы жастар жалпы жастар санының 7,9% (14-34 жас) құрады. Алматы қаласының көрсеткіші 8,3%(53 803 адам).
Сонымен қатар, Алматы қаласының Жастар ресурстық орталықтары қызметкерлерінің саны 21 адамды құрайды. Яғни, орталықтың әр қызметкеріне 2562 уақытша жұмысқа орналаспаған жас келеді.
Іс-шараға еліміздің он үш өңірінен жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері қатысты. Семинар барысында олар NEET санатындағы жастарға кеңес беру дағдыларын меңгеріп, жұмыстың жаңа әдістерімен танысты.