Мемлекеттік жастар саясаты мектебі: "Жастармен жұмыс және ЖРО-ды әлеуметтік желілерде насихаттау" семинар-тренингі, 2023 жылғы 14-16 маусым
14-16 маусым аралығында Астана қаласында Мемлекеттік жастар саясаты мектебінің аясында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған семинарлар легі өтті. Семинар қатысушылары жастармен жұмыс және Жастар ресурстық орталықтарының әлеуметтік желілердегі бейнесі тақырыптарында оқытылды. Оған Қазақстанның 15 өңірінен іріктеуден өткен 34 жас маман қатысты.
Оқыту аясында жастар қызметкерлері жастармен тиімді жұмыс істеудің негіздері, PR, стратегия, контент және коммуникация туралы білімдерін пысықтады.