Астана қаласы жастарының жағдайын кешенді социологиялық зерттеу нәтижелері бойынша аналитикалық баяндама үш тараудан тұрады. Бірінші тарау 14-28 жас аралығындағы жастардың жаппай социологиялық сауалнама деректерін талдауға арналған. Респонденттер саны 2000 адамды құрады. Сауалнамаға алынған тұрғындар қаланың әкімшілік-аумақтық орналасу, жасы мен жынысы сияқты негізгі параметрлер бойынша таныстырылады.
Екінші тарау Астанадағы жастармен фокус-топтар сериясының нәтижелері келтірілген. Барлығы 8 фокус-топ өткізілді, оның төртеуі мемлекеттік тілде, төртеуі орыс тілінде өтті. Үшінші тарау жастармен жұмыс жасау саласындағы эксперттік сауалнама нәтижелері келтірілген. Сауалнамаға 12 эксперт қатысты, олар үш топқа бөлінді - жастардың жұмыспен қамтамасыз ету саласындағы эксперттер, жастардың әлеуметтік белсенділігі және жастар арасындағы тәуекелдер мен қатерлер жөніндегі эксперттер.