Ұлттық баяндамалар
«Қазақстан жастары – 2020» ұлттық баяндамасы

«Қазақстан жастары – 2020» ұлттық баяндамасы

Национальный доклад «Молодежь Казахстана – 2020»

Жыл сайын «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысымен «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасын жариялап келеді. Бұл ғылыми еңбектің негізгі мақсаты – мемлекеттік жастар саясаты жүйесінің әдіснамалық базасын қамтамасыз ету және оны жастардың өзекті сұраныстары мен мүддесіне әрі қарай бейімдеу.

Осы жылы «Қазақстан жастары – 2020» ұлттық баяндамасы Қазақстан жастарының тыныс-тіршілігінің негізгі салаларындағы жағдайын, оның ішінде жаһандық пандемия кезеңіндегі жаңа жағдайды ескере отырып, жан-жақты талдауды қамтиды. Жастар ортасын зерттеудің маңызды бағыттары демографиялық көрсеткіштер, денсаулық және бос уақыт, білім және ғылым, әлеуметтік-экономикалық жағдай, құндылық бағдары мен қоғамдық-саяси мүдде, қылмыс көрсеткіштері және мемлекеттік жастар саясатының сапалық сипаты болды. Алғаш рет шығармашыл және инклюзив жастарды дамыту мәселелері қозғалды. Жас қазақстандықтардың репродукциялық және психикалық саулығына ерекше назар аударылды.

«Қазақстан жастары – 2020» ұлттық баяндамасы жастарды зерттеу және жастар саясатын іске асыру мәселелеріне қызығушылық танытушыларға: мемлекеттік органдар, азаматтық сектор ұйымдары, жастар саясаты институттары, оқу орындары, жастардың үкіметтік емес ұйымдары, сарапшылар қауымдастығы, БАҚ өкілдеріне арнап әзірленді.

05.02.2021 3493

Тізімге оралу