Жобалар
Кәсіби даму академиясы

Кәсіби даму академиясы

Кәсіби даму академиясы

Қазақстанда жастар саясаты саласында барлық деңгейде (аудандық, қалалық, облыстық әкімдіктер, ЖРО, ҮЕҰ, ЖОО, ТжКБ ұйымдары және кәсіпорындар) 3,5 мыңға дейін адам жұмыс істейді, олардың басым бөлігі – 2,8 мың адам жастар ресурстық орталықтарында жұмыс істейді. Кадрлардың үнемі жаңарып отыруын ескере отырып, біліктілікті арттыру мәселелері осы ұйымдар үшін әрқашан өзекті болып табылады. 
Сондай-ақ бүгінгі тез өзгеріп жатқан әлемде кәсіби кадрлар, әсіресе жастармен жұмыс істейтін мамандар Стратегиялық жоспарлау, жобаларды басқару және халыққа қызмет көрсету үшін қажетті қазіргі заманғы құзыреттерді (білім, дағдылар мен қатынастар жиынтығын) тұрақты негізде дамытуы қажет.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы жастар саясаты саласындағы өңірлік кадрлар үшін біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламасы болып табылатын "Кәсіби даму академиясы" жобасына бастамашылық жасады. 
Академияның қызметі ұзақ мерзімді курстарды ұйымдастыру арқылы кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау саласындағы беделді ұйымдармен ынтымақтастық негізінде құрылады. Академия бағдарламасы қатысушылардың қазіргі заманғы жағдайда қажетті жеке және кәсіби құзыреттерін нығайтуға бағытталатын болады, бұл кейіннен жергілікті деңгейде жастар саясатын іске асыру сапасын арттыруға ықпал етеді. 
Академияның білім беру бағдарламасы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың, жастар ресурстық орталықтарының, жастар ұйымдарының, ТжКБ жастардың өзін-өзі басқару органдарының, ЖОО-лардың, кәсіпорындардың және басқа да мүдделі тараптардың өкілдеріне арналған.
Академияның білім беру бағдарламасының маңыздылығы мен құрылымын ескере отырып, 2021 жылдың негізгі мақсатты аудиториясы жастармен жұмысты қамтамасыз ететін ұйымдардың басқару корпусы болып табылады: 
1) жастар саясаты, ішкі саясат, қоғамдық даму мәселелері басқармаларының басшылары, олардың орынбасарлары, осы басқармалар бөлімдерінің басшылары; 
2) өңірлік жастар ресурстық орталықтарының басшылары (облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалалары);
3) республикалық және өңірлік жастар ҮЕҰ, ЖОО-лар мен ірі кәсіпорындардың Жастар ісі жөніндегі комитеттерінің басшылары. 

Академияның ұйымдастырушылары - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті, "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы.

15.09.2023 1832

Тізімге оралу