Баспасөз хабарламалары
Ақтауда жастар ресурстық орталықтарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі өтті

Ақтауда жастар ресурстық орталықтарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі өтті

Ақтауда жастар ресурстық орталықтарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі өтті

2025 жылдың 5 қарашасында Ақтау қаласында жастар саясатын тиімді іске асыру және жастармен жұмыс сапасын арттыру мақсатында жастар ресурстық орталықтарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Іс-шараны «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің қолдауымен ұйымдастырды.

Кеңес жұмысына еліміздің барлық өңірлерінен жастар ресурстық орталықтарының басшылары қатысты. Іс-шараның ашылуында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров және Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев құттықтау сөз сөйлеп, жастарды қолдаудағы орталықтардың маңызды рөлін атап өтті.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Гүлісхан Нахбаева орталықтардың қызметін бағалау әдістемесін таныстырып, олардың жұмыс сапасын арттыруға бағытталған негізгі көрсеткіштерді ұсынды.

Кеңес барысында жастар ресурстық орталықтарының қызмет тиімділігін бағалау, инфрақұрылымдық дамуды жетілдіру, өңірлік үздік тәжірибелермен алмасу және жастармен жұмыс істеу процесіне инновациялық, цифрлық шешімдерді енгізу мәселелері талқыланды.

Тәжірибе алмасу сессиясында өңірлік жастар орталықтары өздерінің табысты жобаларын, жаңа бастамаларын және тың идеяларын таныстырды. Алматы облысы жастар орталықтарының инфрақұрылымын жаңғырту тәжірибесімен бөліссе, Қарағанды, Атырау және Павлодар облыстары жастарды қолдау мен дамытуға бағытталған жобаларын ұсынды.

Кеңес соңында қатысушылар жастар саясатының өзекті мәселелерін талқылап, жастар ресурстық орталықтарының әлеуетін арттыру және тиімділігін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізді. Іс-шара пікір алмасу және сұрақ-жауап сессиясымен қорытындыланды.
05.11.2025

Возврат к списку