Баспасөз хабарламалары
«JastarX» алаңында экономика, мемлекеттік басқару және әлеуметтік саладағы цифрлық шешімдер талқыланды

«JastarX» алаңында экономика, мемлекеттік басқару және әлеуметтік саладағы цифрлық шешімдер талқыланды

Экономика, госуправление и социальная сфера: роль ИИ обсуждена на «JastarX»

«JastarX» алаңында экономика, мемлекеттік басқару және әлеуметтік саладағы цифрлық шешімдер талқыланды

2025 жылғы 19 қыркүйекте Цифрлық үкіметті қолдау орталығында «Цифрландыру және жасанды интеллект» тақырыбында «JastarX» диалог алаңы өтті.

Іс-шара Қазақстан экономикасына, мемлекеттік басқаруға және әлеуметтік салаға цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу мәселелерін талқылауға бағытталды.

Бағдарламада мемлекеттік органдардың, жетекші жоғары оқу орындарының, қоғамдық ұйымдардың және IT-индустрия өкілдерінің баяндамалары қарастырылды.

Жиынды «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Гүлісхан Нахбаева ашты. Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Біржан Әлімжанов алғы сөз сөйледі.

Баяндамамен сөз сөйлегендер:

  • Бахтияр Мұхаметқалиев, ҚР Үкіметі Аппаратының бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы – «Цифрлық штаб құру: экономикалық және мемлекеттік басқару саласына ЖИ енгізу» тақырыбында;

  • Айжан Темербаева, Еуразия технологиялық университетінің ректоры (онлайн) – «Білім беру үдерісіндегі ЖИ-дің этикалық қырлары» тақырыбында;
  • Болатжан Құмалақов, Astana IT University жасанды интеллект және деректер туралы ғылым мектебінің профессоры, «Сандық дәуірдегі адами капитал» тақырыбында;
  • Самат Ибраев, Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы – «Елордадағы жастар саясатының цифрлық технологиялары» тақырыбында;
  • Анар Төлеубаева, Қазақстандағы Жасанды интеллектті дамыту қауымдастығының төрайымы – «ЖИ экожүйесін қалыптастыру: қажетті инфрақұрылым мен сенім» тақырыбында;
  • Әлия Оразымбетова, «TechnoWomen» басқарма мүшесі, «She Innovator Eurasia» компаниясының CEO-сы, «AI PR Studio Ozgeshe» негізін қалаушысы – «Цифрлық трансформация: әйелдердің көшбасшылығы мен мүмкіндіктері» тақырыбында;
  • Гүлшат Қалбаева, «CyberFormula³» ЖИ-компаниясының оқу-әдістемелік бөлімінің жетекшісі – «Білім беру саласындағы ЖИ» тақырыбында;
  • Ербол Абсалямов, Интеллектуалдық жүйелер және жасанды интеллект институтының атқарушы директоры – «ISSAI – генеративті ЖИ-модельдерді әзірлеу» тақырыбында сөз сөйледі.

Бағдарлама сұрақ-жауап сессиясымен және қорытынды шығарумен аяқталды.

19.09.2025

Возврат к списку