Баспасөз хабарламалары
Кәсіби даму академиясы: жастар ресурстық орталықтарының жетекшілеріне арналған оқытудың екінші легі

Кәсіби даму академиясы: жастар ресурстық орталықтарының жетекшілеріне арналған оқытудың екінші легі

Академия профессионального развития: второй поток обучения руководителей молодежных ресурсных центров

Кәсіби даму академиясы: жастар ресурстық орталықтарының жетекшілеріне арналған оқытудың екінші легі

2025 жылғы 20–22 тамыз аралығында Астанада Қазақстанның барлық өңірлерінен келген жастар ресурстық орталықтарының (ЖРО) жетекшілеріне арналған үш күндік оқыту семинар-тренингінің екінші легі өтуде.

Кәсіби даму академиясы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетімен бірлесіп «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы арқылы жүзеге асырылады және жастар саясаты саласындағы кадрлық әлеуетті дамытуға бағытталған кешенді бағдарламаның бір бөлігі болып табылады.

Екінші легінің негізгі бағыттары:

- дағдарыстық жағдайларда қазіргі заманғы басқарушылық және коммуникациялық дағдыларды қалыптастыру;

- жастардың осал топтарымен жұмыс істеудің тәсілдерін меңгеру және инклюзивтілік қағидаттарын дамыту;

- аналитикалық әдістерді пайдалану және деректерге негізделген басқарушылық шешімдер қабылдау.

Академия тыңдаушылары тек теориялық білім алып қана қоймай, сонымен қатар интерактивті сабақтарға, нақты жағдайларды талдауға және топтық жұмыстарға қатысады. Мұндай формат жастар ресурстық орталықтары күнделікті кездесетін нақты сын-қатерлерге алынған дағдыларды бейімдеуге мүмкіндік береді.

2025 жылы еліміздің әр өңірінен шамамен 200-ге жуық ЖРО қызметкерлері біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Кәсіби даму академиясы тәжірибе алмасудың, жаңа тәсілдерді әзірлеудің және жастармен жұмыс істейтін мамандардың кәсіби қауымдастығын қалыптастырудың маңызды алаңына айналуда.


20.08.2025

Возврат к списку