Баспасөз хабарламалары
2025 жылғы Мемлекеттік жастар саясаты мектебінің аяқталуы: жастар ісі жөніндегі мамандар үшін жаңа мүмкіндіктер

2025 жылғы Мемлекеттік жастар саясаты мектебінің аяқталуы: жастар ісі жөніндегі мамандар үшін жаңа мүмкіндіктер

Завершение Школы государственной молодежной политики 2025 года: новые горизонты для специалистов

2025 жылғы Мемлекеттік жастар саясаты мектебінің аяқталуы: жастар ісі жөніндегі мамандар үшін жаңа мүмкіндіктер

2025 жылғы 1 тамызда Павлодар қаласында Мемлекеттік жастар саясаты мектебі аясында өңірлік семинар-тренинг өтті. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің қолдауымен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жүзеге асырып жатқан ұзақ мерзімді білім беру жобасының қорытынды кезеңі болды.

Іс-шараға Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарынан жастар ресурстық орталықтарының 25 қызметкері қатысты. Оқу тренингтері барысында жастармен жұмыс істейтін мамандар цифрлық және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы білімдерін кеңейтті. Сондай-ақ олар жастар саясаты аясында жобалық басқарудың негіздерімен танысты. Бұдан бөлек, қатысушылар жұмыс үдерістерін оңтайландыру үшін жасанды интеллектінің әлеуетін зерттеп, маңызды мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік беретін тәсілдерді меңгерді.

Павлодардағы семинар бұған дейін Қосшы, Шымкент, Алматы және Орал қалаларында өткен тренингтер сериясының қорытынды кезеңі болды. Жалпы алғанда, білім беру бағдарламасынан еліміздің барлық өңірлеріндегі жастар ресурстық орталықтарының 150-ге жуық  маманы өтті.

Биылғы Мемлекеттік жастар саясаты мектебінің негізгі мақсаты – жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, цифрлық дағдыларын дамыту және мемлекеттік жастар саясатын жергілікті деңгейде тиімді жүзеге асыруға ықпал ететін инновациялық құралдарды енгізу болды. Бұл өз кезегінде жастардың өзекті мәселелері мен міндеттерін шешуде анағұрлым серпінді әрі сапалы тәсілдерді қолдануға негіз қалайды.

 

01.08.2025

Возврат к списку