Бүгін «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Гүлісхан Нахбаева мен Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ибраев кездесіп, бірқатар өзекті мәселені талқылады.
Кездесу барысында жастармен жұмыс бағытындағы серіктестік, бірлескен жобалар мен бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылды.
Тараптар жастар ресурстық орталықтарының тиімділігін арттыру, заманауи форматтарды енгізу және өңірлік деңгейде коммуникацияны күшейту мәселелеріне де ерекше назар аударды.
Жастар саясаты — мемлекеттің болашағына салынған инвестиция. Бүгінгі ұрпаққа дұрыс бағдар беру — ертеңгі мықты, саналы қоғамның негізі екені атап өтілді.