Баспасөз хабарламалары
Жастар ісі жөніндегі мамандарды оқыту: цифрландыру мен инновацияға баса назар аудару

Жастар ісі жөніндегі мамандарды оқыту: цифрландыру мен инновацияға баса назар аудару

Обучение специалистов по молодежной политике: акцент на цифровизацию и инновации

Жастар ісі жөніндегі мамандарды оқыту: цифрландыру мен инновацияға баса назар аудару

2025 жылдың 16 шілдесінде Орал қаласында мемлекеттік жастар саясаты мектебі аясында төртінші өңірлік семинар-тренинг басталды. Іс-шараға жастар ресурстық орталықтарының 40-тан астам маманы жиналды. Семинардың оның мақсаты – жастар ісі жөненідегі мамандардың біліктілігін арттыру және жастармен жұмыс істеудің озық әдістерін енгізу болып табылады.

Семинар-тренинг бағдарламасы цифрлық дәуірдің нақты сын-тегеуріндеріне бағытталған: қатысушылар бүгінде жастармен жұмыс істеу үшін міндетті кәсіби стандартқа айналған ақпараттық қауіпсіздік қағидаттарын зерделеп, жасанды интеллект құралдарын және жобалық басқару негіздерін меңгерді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Оралдағы семинар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің қолдауымен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жүзеге асыратын ұзақ мерзімді білім беру жобасының бөлігі болып табылады. Бұл жоспарланған бес тренингтің төртіншісі болды: бұған дейін семинарлар Қосшы, Шымкент және Алматы қалаларында өтті, ал соңғы семинар Павлодарда өтеді.

Мемлекеттік жастар саясаты мектебінің жобасы жастар саясаты саласында мықты кәсіби қоғамдастық құруға және жас ұрпақтың дамуына ықпал ететін инновациялық шешімдерді белсенді енгізуге бағытталған.

 

16.07.2025

Возврат к списку