Баспасөз хабарламалары
Қарағандыда жұмысшы мамандықтардың болашағы талқыланды

Қарағандыда жұмысшы мамандықтардың болашағы талқыланды

В Караганде обсудили будущее рабочих профессий

Қарағандыда жұмысшы мамандықтардың болашағы талқыланды

11 шілде күні Қарағанды қаласындағы Психологиялық қолдау орталығының конференц-залында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының бастамасымен «JastarX» диалог алаңы өтті. Іс-шара тақырыбы – «Жұмысшы мамандықтардың болашағы: тенденциялар мен перспективалар».

Іс-шара Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылын ескере отырып, қоғамдағы техникалық және өндірістік сала мамандарына деген сұраныстың артуына, жастар арасында еңбекке деген оң көзқарасты қалыптастыруға арналды.

Диалог алаңы аясында сарапшылар, фермерлер, жұмыс берушілер және жастар арасында еңбек нарығындағы жаңа трендтер, кәсіби білімнің маңызы мен болашақта сұранысқа ие бағыттар талқыланды. 

Кездесу қатысушылары қатарында колледждер мен кәсіби лицейлердің өкілдері, аймақтық жастар ресурстық орталықтары, сарапшылар мен белсенді жастар болды. Шарада еңбекке баулу, жұмысшы мамандықтарға қызығушылықты арттыру және жергілікті табысты кейстерді көрсету сынды тақырыптар көтерілді.

Сондай-ақ, кездесу барысында әр саланың мамандары жұмысшы мамандықтарының маңыздылығы, жастардың өндірістік ортадағы рөлі және болашақ кәсіби бағдар туралы өз тәжірибелерімен бөлісті.

Атап айтатын болсақ, КБР «Қазақстан алюминийі» АҚ филиалының өндіріс жөніндегі сарапшысы Дамир Баймагамбетов «Өндірістегі жастар саясаты» тақырыбында баяндама жасап, қазіргі өндірісте жастарға жасалып жатқан қолдау тетіктері мен олардың кәсіби дамуы жөнінде айтты.

Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының «Мамандығым-болашағым» кеңсесінің басшысы Олжас Сәкенов өзінің баяндамасында жастарды кәсіптік бағдарлауға бағытталған «Мамандығым – Болашағым» бағдарламасының мақсаттары мен нәтижелері туралы айтып өтті.

Өз кезегінде «Анара» шаруа қожалығының басшысы Анар Бозаева да ауыл шаруашылығындағы жеке тәжірибесі мен фермерлік кәсіптің маңыздылығын жеткізді.

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ электровоз машинисінің көмекшісі, Қамбар Хасенов болса, «ҚТЖ жастары. Өскелең ұрпаққа көзқарас» тақырыбында сөз сөйлеп, теміржол саласындағы жас мамандардың орны мен келешегі туралы ой бөлісті.

Мұндай кездесулер жастардың кәсіби бағдарын дұрыс қалыптастыруға және еңбек нарығы талаптарына бейімделуіне серпін береріне сенімдіміз.

 

11.07.2025

Возврат к списку