ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры болып Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Нахбаева Гүлісхан Сайфулинқызы тағайындалды.
34 жастағы Шымкент қаласының тумасы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ды (шетел филологиясы магистрі, саясаттану ғылымдарының PhD докторы) тәмамдаған.
2012 жылы Нахбаева Г.С. тәуелсіз Қазақстан тарихында шахматтан халықаралық әйелдер гроссмейстері атанған алғашқы спортшы болды. Қазақстанның жеті дүркін чемпионы, Азияның үш дүркін жеңімпазы.
Әр жылдары ҚР ОАМ Мектепке дейінгі және орта білім комитеті басқармасының басшысы, Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі сарапшысы қызметтерін атқарған. 2023 жылдың қараша айынан бастап Мәдениет және ақпарат министрлігінің креативті индустриялар департаментінің директоры болып жұмыс істеді.