Жастармен жұмыс істейтін мамандарды заманауи тәсілдер мен құралдарға оқыту
2025 жылғы 2 шілдеде Алматы қаласында Мемлекеттік жастар саясаты мектебінің үшінші оқу циклінің семинарлары басталды. Іс-шараға Алматы қаласы, Алматы облысы, сондай-ақ Жетісу және Ұлытау облыстарынан жастар ресурстық орталықтарының 30-дан астам маманы қатысуда. Семинар үш күнге созылады және қатысушылардың кәсіби дағдыларын арттыруға, цифрлық құзыреттерін дамытуға және жастар саясатын жүзеге асыруда заманауи тәсілдерді енгізуге бағытталған.
Білім беру бағдарламасы аясында негізгі тақырыптар қарастырылады: цифрлық және ақпараттық қауіпсіздік, кәсіби қызметте жасанды интеллектті пайдалану, сондай-ақ жастармен жұмыс істеудегі жобалық басқарудың негіздері. Бұл мәселелер – технологиялық үдерістің қарқынды даму жағдайында жастар саясатын тиімді дамыту үшін өзекті.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің қолдауымен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастыруда. Алматыдағы семинар – 2025 жылға жоспарланған бес өңірлік тренингтің үшінші кезеңі. Бұған дейін мұндай іс-шаралар Қосшы және Шымкент қалаларында өткен, ал алдағы айларда Орал және Павлодар қалаларында өткізу жоспарлануда.
Мемлекеттік жастар саясаты мектебі жобасы – жастар саясаты саласындағы мамандардың кәсіби қауымдастығын құруға және бұл салаға инновациялық шешімдерді енгізуге бағытталған.