Шымкент қаласында Мемлекеттік жастар саясаты мектебінің семинар-тренингтерінің екінші кезеңі басталды
2025 жылғы 11 маусымда Шымкент қаласында Мемлекеттік жастар саясаты мектебі аясындағы семинар-тренингтердің екінші кезеңі басталды. Оқыту бағдарламасына Шымкент қаласы мен Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарындағы жастар ресурстық орталықтарының мамандары қатысуда.
Бағдарламаның мақсаты – жастармен жұмыс істейтін мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, цифрлық дағдыларды дамыту және мемлекеттік жастар саясатын жергілікті деңгейде жүзеге асыруда заманауи тәсілдерді енгізу.
Жасанды интеллект және киберқауіпсіздік бойынша тренер ретінде Айдос Әбенов дәріс беруде.
Үш күн бойы қатысушылар келесі өзекті және сұранысқа ие бағыттар бойынша білім мен тәжірибе алмасады:
· цифрлық және ақпараттық қауіпсіздік,
· жасанды интеллектіні күнделікті кәсіби қызметте қолдану,
· жастар ортасында жобалық басқарудың негіздері.
Іс-шараны ұйымдастырушы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Жастар және отбасы істері комитетінің серіктестігімен жұмыс істейтін «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы.
Бұл оқыту семинарлары – 2025 жылға жоспарланған бес өңірлік (кустовой) тренинг сериясының бір бөлігі. Алғашқысы Қосшы қаласында сәтті өтті, екінші кезең Шымкентте жүзеге асырылуда. Алдағы уақытта Алматы, Орал және Павлодар қалаларында жалғасады.
Аталған бастама – Қазақстан бойынша жастармен жұмыс істейтін мамандардың кәсіби және тұрақты желісін қалыптастырудың маңызды қадамы, сондай-ақ жастар саясаты саласындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған инновациялық әрі тиімді тәсілдерді ілгерілетудің үлгісі болып табылады.