Қосшы қаласында жастармен жұмыс істейтін мамандарға арналған семинар-тренинг басталды
21 мамыр күні Қосшы қаласында Мемлекеттік жастар саясаты мектебі өз жұмысын бастады. Бұл – Астана, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарынан келген жастар ресурстық орталықтарының (бұдан әрі – ЖРО) мамандарына арналған семинар-тренингтер сериясы.
Мектеп аясында ЖРО қызметкерлері үш күндік оқу бағдарламасынан өтеді. Бағдарлама келесі негізгі бағыттарды қамтиды: цифрлық және ақпараттық қауіпсіздік, жұмыста жасанды интеллектіні пайдалану, жастар ортасындағы жобалық басқару негіздері.
Технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында киберкеңістікте жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ете білу және рутиндік процестерді автоматтандыру арқылы маңызды міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін жасанды интеллект секілді заманауи құралдарды тиімді пайдалану ерекше маңызды.
Биыл осындай төрт аймақтық семинар-тренинг өткізу жоспарланған. Олар Шымкент, Алматы, Орал және Павлодар қалаларында өтеді.
Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетімен бірлесе отырып, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастыруда.