23 мамырда Қосшы қаласында мемлекеттік жастар саясаты мектебі-Жастар ресурстық орталықтарының (ЖРО) қызметкерлеріне арналған оқыту бағдарламаларының сериясы шеңберінде семинар – тренинг аяқталды.
Мектеп аясында мамандар цифрлық және ақпараттық қауіпсіздік, жұмыста жасанды интеллектті қолдану, жастар ортасында жобалық басқару негіздері бойынша үш күндік оқу бағдарламасынан өтті.
Семинарға қатысушылар мұндай оқыту шаралары жастармен жұмыс істейтін мамандар үшін аса маңызды екенін атап өтті. Тренингтер жаңа технологияларды меңгеруге, цифрлық қауіпсіздік, жоба басқару және жасанды интеллектіні қолдану салаларында практикалық дағдыларды дамытуға ықпал етті.
Биыл осындай төрт аймақтық семинар-тренинг өткізу жоспарланған. Олар Шымкент, Алматы, Орал және Павлодар қалаларында өтеді.
Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетімен бірлесе отырып, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырды.