2025 жылғы 19 мамырда «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы мен Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында Орталықта аймақтану, шығыстану, түркітану және әлеуметтану мамандықтарының 40 студенті практикалық жұмысын бастады.
Практиканың мақсаты – университетте алынған теориялық білімді нақты жобаларда бекіту және жас мамандарды ғылыми-зерттеу мен сараптамалық жұмысқа тарту.
Алғашқы кездесу барысында Орталық сарапшылары жас зерттеушілерге еліміздің жастар саясатын жетілдіруге үлес қоса алатын нақты жобаларға қатысу мүмкіндігін ұсынып, осындай тәжірибе олардың кәсіби бағдарын айқындап, ғылыми әлеуетін арттыруға көмектесе алады деп атап өтті.
Өндірістік практика ағымдағы жылдың 19 мамырынан 21 маусымына дейін жалғаспақ. Бағдарламаға жеке және топтық тапсырмалар, талдамалық мәтіндер, ғылыми-зерттеу жұмыстары кіреді.
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы – Қазақстандағы жастар саясатын, жастар арасындағы қоғамдық үдерістерін зерттейтін бірегей орталық. Орталық ғылыми деректерге сүйенген ұсынымдар әзірлеп, мемлекеттік және қоғамдық құрылымдарға шешім қабылдауда қолдау көрсетеді.