Жастарға арналған мүмкіндіктер
Көлік
Жүргізуші куәлігін қалай алмастыруға болады?

Жүргізуші куәлігін қалай алмастыруға болады?

Жүргізуші куәлігін қалай алмастыруға болады?

Негізгі шарттар

  1. Жүргізуші куәлігін алмастыру келесідей жағдайларда жүзеге асырылады:
    • тегін атын және әкесiнiң атын өзгерту;
    • оның пайдалануға жарамсыз екені;
    • қолданылу мерзімі өткен;
    • иесінің қалауы бойынша.
  2. Ол үшін жүргізуші куәлігін ауыстыруға өтініш беру қажет.
    Жүргізуші куәлігінің қолданылу мерзіміне дейін ауыстырудың үш жолы бар:
    • еgov.kz электрондық үкімет порталында;
    • Жол полициясы органдарының тіркеу-емтихан бөлімшесінде;
    • Мамандандырылған ХҚКО-да.

Жүргізуші куәлігін ауыстыруға өтінішті берудің тәсілдері

egov.kz сайты арқылы жүргізуші куәлігін ауыстыруға өтініш беру

Egov.kz порталында жүргізуші куәлігін ауыстыруға құжаттарды тапсыру үшін:

  • электрондық цифрлік қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу;
  • авторлану және өтініш беру.

Электрондық қызметті алуға сілтеме: https://egov.kz/cms/kk/services/010pass_mvd

Өтінішке қоса:

  • сандық фотосурет және электрондық қолының суретін қосу;
  • мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат немесе түбіртек (ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда).

Қызмет көрсету мерзімі: 2 сағат.

Аралық қызмет көрсету нәтижесі: электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы хабарлама.

Қызмет көрсету нәтижесі: жүргізуші куәлігі, уақытша жүргізуші куәлігі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Ескерту: жүргізуші куәлігін беру барысында мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында Сізден қосымша құжаттарды сұрауы мүмкін.

Мамандандырылған ХҚКО арқылы жүргізуші куәлігін ауыстыруға өтініш беру

Жүргізуші куәлігін ауыстыруға өтінішке қоса келесі құжаттарды тапсыру керек:

  • жеке тұлғаны растайтын құжат;
  • бұрын берілген жүргізуші куәлігі;
  • аты-жөнін ауыстыруды растайтын құжат (ауыстырылған жағдайда);
  • № 083/У формасындағы медициналық анықтама және оның көшірмесі (анықтаманы тіркеу бойынша емханадан немесе Мамандандырылған ХҚКО-нан алуға болады), Наркология мен психотерапии орталығынан алкогольдік, токсикологиялық және наркологиялық тәуелділігң жоқ туралы анықтама, және Психиялық денсаулық орталығынан анықтама (мамандандырылған ХҚКО-нан алуға болады) және де флюорография (тіркелу орны бойынша емханадан алуға болады);
  • 1,25 АЕК мемлекеттік баж төлеуді растайтын чек (мамандандырылған ХҚКО-да немесе екінші деңгейлі банкіде төлеуге болады);
  • Сыртқы істер министрлігінің дипломатиалық корпуспен жұмыс істеуге берілген жолдама (жетел азаматтары мен азаматтары жоқтарға).

Қызмет көрсету мерзімі: 2 сағат.

Қызмет көрсету нәтижесі: жүргізуші куәлігі, уақытша жүргізуші куәлігі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Жол полициясы органдарында жүргізуші куәлігін қалай алуға болады?

Жүргізуші куәлігін ауыстыруға өтінішке қоса келесі құжаттарды тапсыру керек:

  • жеке тұлғаны растайтын құжат;
  • бұрын берілген жүргізуші куәлігі;
  • аты-жөнін ауыстыруды растайтын құжат (ауыстырылған жағдайда);
  • № 083/у формасындағы медициналық анықтама және оның көшірмесі (анықтаманы тіркеу бойынша емханадан немесе Мамандандырылған ХҚКО-нан алуға болады) Наркология мен психотерапии орталығынан алкогольдік, токсикологиялық және наркологиялық тәуелділігң жоқ туралы анықтама, және Психиялық денсаулық орталығынан анықтама (мамандандырылған ХҚКО-нан алуға болады) және де флюорография (тіркелу орны бойынша емханадан алуға болады);
  • 1,25 АЕК мемлекеттік баж төлеуді растайтын чек (мамандандырылған ХҚКО-да немесе екінші деңгейлі банкіде төлеуге болады);
  • Сыртқы істер министрлігінің дипломатиалық корпуспен жұмыс істеуге берілген жолдама (жетел азаматтары мен азаматтары жоқтарға);
  • мекен-жай анықтамасы;
  • әскери билет немесе тіркелу куәлігі (әскери қызметкерлер үшін).

Қызмет көрсету мерзімі: 2 сағат.

Қызмет көрсету нәтижесі: жүргізуші куәлігі, уақытша жүргізуші куәлігі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Жол полициясы органдарының қызметкері барлық құжаттарды тексергеннен кейін сізге жүргізуші куәлігін алуға жолдама береді. Аталған жолдамамен және барлық құжаттармен бірге фотосуретке түсіп, жүргізуші куәлігін басып жығарылғанын күтуіңіз тиіс.

1608

Возврат к списку