Жастарға арналған мүмкіндіктер
Үй-жай
Тұрғын үй алу үшін кезекке қалай тұруға болады?

Тұрғын үй алу үшін кезекке қалай тұруға болады?

Тұрғын үй алу үшін кезекке қалай тұруға болады?

Ол үшін келесілерді анықтау қажет

Кезекке қоюдың негізгі шарттары

  1. 1. Тұрғын үйге мұқтаж азаматтар оны мемлекеттік тұрғын үй қорынан ала алады.
  2. Қолданыстағы тұрғын үй заңнамасы (https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=1007658#pos=98233) тұрғын үй беру шарттарын айқындайды, оны ала алатын адамдар тобын, сондай-ақ оны беру кезектілігін және азаматтар кезектен шығару мүмкін болатын негіздерді белгілейді.

Тегін тұрғын үй алуға кім үміткер бола алады?

Басымдылықтағы санаттар:

  • Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
  • 1 және 2 топтағы мүгедектер;
  • Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
  • Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;
  • Жасына байланысты зейнеткерлер;
  • Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалар;
  • «қандастар» мәртебесі бар»;
  • Экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;
  • Көп балалы отбасылар;
  • Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
  • Толық емес отбасылар;
  • Жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтары.

Кезекке қою үшін не қажет?

Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою туралы өтініш беру керек

Өтініш беру тәсілдері

Онлайн
www.egov.kz порталында өтініш беру

Бұл әрекетті орындау үшін Сізге:

  • ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбаны) алу керек;
  • үй алуға кезекке тұру өтінімін толтыру және электрондық цифрлық қолтаңба қою. Тізбеге сәйкес құжаттардың электронды көшірмелерін тіркеу:
  • кем дегенде үш жыл қалада тұруыңызды растайтын құжат;
  • неке туралы куәлік (некені бұзу туралы куәлік) - 2008 жылдың 1 маусымына дейін, отбасы мүшелерінің қайтыс болуы туралы куәлік - 2007 жылдың 13 тамызына дейін, балалардың туу туралы куәлік - 2007 жылдың 13 тамызына дейін;
  • жалғыз тұрғын үйіңіз авариялық жағдайда деп танылған болса тиісті жергілікті атқарушы органның анықтамасы;
  • Сіз әлеуметтік осал топқа тиесілі болсаңыз - отбасының әрбір мүшесі үшін соңғы он екі ай үшін табыс туралы есептілік (жалақы, отбасы мүшелеріне артықшылықтар). Жетімдер, мүгедек балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолданылмайды;
  • жұмыс (қызмет) орнынан анықтама (мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік қызметкерлер, әскери қызметкерлер, сайланбалы мемлекеттік лауазымды арнайы мемлекеттік органдар мен тұлғалар үшін);
  • ғарышкерлікке кандидаттар үшін - Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындаған ғарышкерлер үшін кандидат мәртебесін растайтын құжат;
  • бір-бірінен бөлінбеген, изоляция жасалмаған баспанада екі немесе одан да көп, бір-біріне кеселдіктерін тигізетін екі не одан да көп жанұя тұратын болса, және де жанұя құрамында созылмалы аурумен ауырып, онымен бір баспанада тұру мүмкін емес болған жағдайда тиісті ұйымдардың анықтамалары.

Қызмет көрсету мерзімі: 30 күнтізбелік күн. Мемлекеттік баж төленбейді.

Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: кезектің реттік нөмірін көрсететін есепке қою туралы хабарлама немесе негізделген бас тарту туралы жауап.

Сайт бөліміне жылдам кіру сілтемесі: https://egov.kz/cms/kk/articles/buy_sale/receive_housing

Офлайн
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бөлімшелерінде құжаттар тапсыру

Бұл әрекетті орындау үшін, сізге келесі құжаттарды тапсыру керек:

  • коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйдің бар немесе жоқ екенін тексеруіне келісімін көрсете отырып, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу туралы өтініш;
  • жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы талап етіледі);
  • кем дегенде үш жыл қалада тұруыңызды растайтын құжат;
  • неке туралы куәлік (некені бұзу туралы куәлік) - 2008 жылдың 1 маусымына дейін, отбасы мүшелерінің қайтыс болуы туралы куәлік - 2007 жылдың 13 тамызына дейін, балалардың туу туралы куәлік - 2007 жылдың 13 тамызына дейін;
  • жалғыз тұрғын үйіңіз авариялық жағдайда деп танылған болса тиісті жергілікті атқарушы органның анықтамасы;
  • Cіз әлеуметтік осал топқа тиесілі болсаңыз - отбасының әрбір мүшесі үшін соңғы он екі ай үшін табыс туралы есептілік (жалақы, отбасы мүшелеріне артықшылықтар). Жетімдер, мүгедек балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолданылмайды;
  • жұмыс (қызмет) орнынан анықтама (мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік қызметкерлер, әскери қызметкерлер, сайланбалы мемлекеттік лауазымды арнайы мемлекеттік органдар мен тұлғалар үшін);
  • ғарышкерлікке кандидаттар немесе ғарышкерлер үшін - Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындаған ғарышкерлер үшін кандидат мәртебесін растайтын құжат; бір-бірінен бөлінбеген, изоляция жасалмаған баспанада екі немесе одан да көп, бір-біріне кеселдіктерін тигізетін екі не одан да көп жанұя тұратын болса, және де жанұя құрамында созылмалы аурумен ауырып, онымен бір баспанада тұру мүмкін емес болған жағдайда тиісті ұйымдардың анықтамалары.

Қызмет көрсету мерзімі: 30 күнтізбелік күн. Мемлекеттік баж төленбейді.

Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: кезектің реттік нөмірін көрсететін есепке қою туралы хабарлама немесе негізделген бас тарту туралы жауап.

Қолжетімді тұрғын үй бағдарламалары туралы пайдалы ақпаратты «Жастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары» бөлімінен біле аласыздар: https://eljastary.kz/kz/opportunities/

3194

Возврат к списку