Жастарға арналған мүмкіндіктер
Үй-жай
Студенттік жатақханадан орын алу рәсімі?

Студенттік жатақханадан орын алу рәсімі?

Студенттік жатақханадан орын алу рәсімі?

Орындарды бөлудің негізгі ережелері

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды оқу орнының, студенттер мен жастар саясаты ұйымдарының өкілдерінен тұратын комиссия конкурстық негізде бөледі.

Кім үміттене алады

Студенттік жатақханалардағы орындар санының шектеулі болуына байланысты оларды бөлу кезінде басымдық грантта оқитын және тұрғын үйге шынымен мұқтаж азаматтардың жеңілдік санатындағы студенттерге беріледі:

  • I және II топтағы бала кезінен мүгедектер, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, ата-аналарының бірі мүгедек балалар;
  • кәмелеттік жасқа жеткен сәтте ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар, ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер және кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалар, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандыққа түскен ауыл жастары, сондай-ақ ҚР азаматтары болып табылмайтын «Қандастар» статусында;
  • «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін-2050») бағдарламасының аясында білім алушылар;
  • «Алтын белгі» белгісіне ие болған, бірінші курсқа қабылданған білім алушылар, Президенттік, халықаралық және республикалық олимпиадалар және (немесе) конкурс жеңімпазы сертификаты бар білім алушылар, сондай-ақ білімін растайтын құжаты бар (куәлік, аттестат, диплом) оқу орнын үздік бітірген талапкерлер;
  • ұйыммен жүргізілген тестілеу нысанындағы немесе пәндер бойынша оқуға түсу емтихандарының, Кешенді тестілеудің немесе Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша жоғары балл алған, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес бірінші курсқа оқуға қабылданған білім алушылар;
  • оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыстардан жоғары нәтижелері бар жоғары курстарда оқитындардың арасынан білім алушылар.

Кім талап ете алмайды

  1. Оқу орнының қалаларында тұрақты тұратын және осында тұрақты тіркелген студенттер.
  2. Қазақстан Республикасының аумағында меншігінде тұрғын үйі барлар.

Не істеу керек

Студенттік жатақханадан орын алу үшін өтініш беру керек.

Өтініш беру тәсілдері

Онлайн
egov.kz порталында өтініш беру

egov.kz сайттында өтініш беру үшін, қажет:

  • ЭЦҚ алу (электрондық цифрлық қолтаңба);
  • өтінішті толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қою;

Қызмет көрсету мерзімі: 3 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: жоғары оқу орындарында білім алушыларға жатақхана беру туралы жолдама.

Сайт бөліміне жылдам кіру сілтемесі: https://egov.kz/cms/kk/services/pass_pryem1

Офлайн
Жоғары оқу орнында өтініш беру

ЖОО-ға өтініш беру үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • екі немесе жалғыз ата-анасының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі немесе балалар үйінен анықтама (бар болса);
  • қандастың мәртебесі туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
  • отбасында төрт және одан да көп баланың болуы туралы анықтама (егер отбасы көп балалы болса);
  • мүгедектікті растау туралы анықтама (бар болса).

Қызмет көрсету мерзімі: 3 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: жоғары оқу орындарында білім алушыларға жатақхана беру туралы жолдама.

Қазақстан жоғары оқу орындарының байланыстары: https://egov.kz/cms/kk/articles/2Fvusi_rk

1744

Возврат к списку