Жастарға арналған мүмкіндіктер
Үй-жай
Пәтерді (жылжымайтын мүлікті) қалай сатып алуға болады?

Пәтерді (жылжымайтын мүлікті) қалай сатып алуға болады?

Пәтерді (жылжымайтын мүлікті) қалай сатып алуға болады?

Сатып алу-сату келiсiм-шартын ресімдеу нұсқалары

Нотариустың қатысуынсыз арқылы

  1. Тараптар заңнамаға сәйкес сатып алу-сату келiсiм-шартты шартын дербес жасайды.
  2. Осыдан кейін, Әділет басқармасына жүгіну керек, оның маманы тараптардың құжаттары мен өкілеттіктерін тексереді, сонымен қатар сатушы мен сатып алушының қолдарын куәландырады.
  3. Содан кейін, Сіз құжаттарды Халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚКО) тіркеуге тапсырасыз.

Білу маңызды!
Пәтерді сатып алу/сату үшін сатып алушы/сатушының ерлі-зайыптыларынан келісім алу үшін Сіз әлі де нотариусқа жүгінуіңіз керек.

Нотариус арқылы

  1. Сатып алу-сату келiсiм-шартын нотариус жасайды.
  2. Нотариус сатушының сатуға өкілеттігін де тексереді, тараптардың қолын куәландырады, сатып алушы/сатушы жұбайларының пәтерді сатып алуға/сатуға келісімін ресімдейді, мәміленің мәні мен салдарын түсіндіреді.
  3. Нотариуста жасалған сатып алу-сату шарты жылжымайтын мүлікті тіркеу орны бойынша ХҚКО бөлімшелерінде мәміле жасалғаннан кейін алты айдан кешіктірмей немесе egov.kz сайтында тіркеуді талап етеді

Сайт бөліміне жылдам кіру сілтемесі: https://egov.kz/cms/kz/services/pass065_mu

Жылжымайтын мүлік сатушыға ақша төлеу бойынша негізгі ұсыныстар

Сатып алу-сату келісім-шартын ресімдегенге дейін

Бұл ұсынылмайды, өйткені ол сатып алушы үшін ақшаны жоғалтудың жоғары қаупін тудырады. Егер Cіз бірден ақша беруді шешсеңіз, онда депозит туралы келісім-шарт жасауды ұсынамыз.

Сатып алу-сату кезінде

Келісім-шартқа қол қойылғаннан және нотариус қол қойғаннан кейін, cатып алушы ақшаны сатушыға береді, cатушы cатып алушыға оны одан әрі ХҚКО-да тіркеу үшін сатып алу-сату келiсiм-шартын береді.

Сатып алу-сату келісім-шартын ресімдегеннен кейін

Бұл нұсқа, әдетте, егер сатып алушыда барлық сома болмаса және келісім-шартта оның қалған бөлігін сатушыға қандай тәртіппен және қандай мерзімде төлеу керектігі көрсетілген болса қолданылады. Мұнда, барлық соманы алмай пәтерді қайта ресімдейтін сатушы тәуекелге барады. Сондықтан да, сотқа жүгіну және ақшаны сот тәртібімен өндіріп алу мүмкіндігі болуы үшін төлем бойынша барлық шарттарды келісім-шартта бекіту маңызды.

1719

Возврат к списку