Жастарға арналған мүмкіндіктер
Денсаулық
АҚТҚ/ЖҚТБ-ға тексеру

АҚТҚ/ЖҚТБ-ға тексеру

АҚТҚ/ЖҚТБ-ға тексеру

АҚТҚ тесті адамның иммунтапшылық вирусының бар-жоғын анықтауға мүмкіндік береді.

АҚТҚ (адамның қорғаныш тапшылық қоздырғышы) - адамдар үшін ең қауіпті вирустардың бірі. Бұл денеміздің инфекциялардан қорғайтын иммундық жүйеге әсер етеді. Асқынған түрінде АҚТҚ ЖҚТБ-ның неғұрлым ауыр түріне ауысады.

ЖҚТБ (жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі) - АҚТҚ инфекциясының дамуының соңғы және ең ауыр кезеңі. Сондықтан, АҚТҚ-ны уақтылы анықтау және емдеу вирус бойынша оң мәртебесі бар адамның өмір сүру ұзақтығын арттыруға мүмкіндік береді.

АҚТҚ-ны анықтау үшін талдау-тест тапсыру тәсілдері

Тапсыру әдісі

Тапсыру орны

Тегін негізде

Тексеру ЖҚТБ-орталықтары мамандарының тестке дейін және кейін кеңес беруімен сүйемелденеді

Өзімен бірге болу:

  • жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік немесе паспорт).

Тест нәтижесін алу мерзімі: 1-7 жұмыс күнінен бастап.

*тест тапсыру орындарында нақты мерзімдер туралы нақтылауға болады

  • тіркелген жері бойынша емханада құпия негізде;;
  • ЖҚТБ-орталықтарында экспресс-әдіспен;
  • ЖҚТБ орталықтары жанындағы сенім пункттері мен достық кабинетінде.

Ақылы негізде

Өзімен бірге болу:

  • жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік немесе паспорт).

Тест нәтижесін алу мерзімі: 1-7 жұмыс күнінен бастап.

*тест тапсыру орындарында нақты мерзімдер туралы нақтылауға болады

  • барлық меншік нысанындағы медициналық ұйымдарда

ЖИТС және тері-венерологиялық диспансерлер орталықтарының мекен-жайларын мына жерден біле аласыз: http://kncdiz.kz/kk/kontakty/rukovodstvo/

1776

Возврат к списку