Жастарға арналған мүмкіндіктер
Жастар кәсіпкерлігі
Кәсіпкерлік қызметтің негіздеріне қайда оқуға болады?

Кәсіпкерлік қызметтің негіздеріне қайда оқуға болады?

Кәсіпкерлік қызметтің негіздеріне қайда оқуға болады?

Кәсіпкерлік қызметтің негіздеріне оқытудың негізгі мемлекеттік бағдарламалары

«Бастау бизнес»

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Бағдарламасының екінші бағыты аясында «Еңбек» халықты кәсіпкерлік дағдыларға оқытуға, сондай-ақ олардың бизнес-жобаларын сүйемелдеуге бағытталған «Бастау» жобасын іске асыруда. Бағдарламаның екінші бағытының операторы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі болып табылады.

«Бастау» жобасының мақсаты - кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тарту арқылы халықтың экономикалық белсенділігін арттыру.

Қатысу шарттары туралы толығырақ мына жерден білуге болады: https://atameken.co/kk/course-bastau

«Жас касіпкер» жобасы

Тұрақты табысы жоқ 18 бен 35 жас аралығындағы жұмыссыз жас қыз-жігіттерге арналған «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының пилоттық білім беру жобасы.

Оқыту ұзақтығы 25 күнтізбелік күннен кем емес.

Оқу процесі міндетті түрде дербес консультацияларды, сондай-ақ қаржыландыру тұрғысынан жобаны қорғау мақсатында көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары бойынша тренингтерді қамтиды.

Оқу қорытындысы бойынша «Бастау Бизнес» жобасында оқуға қатысқаны туралы сертификат беріледі.

Қайда шағымдану қажет: тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту оралықтарына.

Қандай құжаттар қажет: жеке басын куәландыратын құжат.

1620

Возврат к списку