Мемлекеттiк жастар саясаты туралы заңы

Мемлекеттiк жастар саясаты туралы заңы

Закон о государственной молодежной политике

Мемлекеттiк жастар саясаты туралы заңы

Мемлекеттiк жастар саясаты – мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдау мен дамытуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясаты саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерiнен тұрады.
Мемлекеттiк жастар саясатының мақсаты жастардың рухани, мәдени, білім алып, кәсіби және дене бітімінің толыққанды дамуы, шешімдер қабылдау процесіне қатысуы, ойдағыдай әлеуметтенуі және олардың әлеуетін елді одан әрі дамытуға бағыттау үшін жағдайлар жасау болып табылады.
Мемлекеттік жастар саясатының міндеттері:
1) жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
2) жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тарту;
3) азаматтыққа тәрбиелеу және қазақстандық патриотизм сезімін нығайту болып табылады.
Мемлекеттік жастар саясаты:
1) мәдени, имандылық және рухани құндылықтардың басымдығы;
2) азаматтық, жауапкершілік, еңбексүйгіштік;
3) конфессияаралық келісім мен этносаралық тағаттылық;
4) ұрпақтар сабақтастығы, отбасылық тәрбиенің басымдығы;
5) мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға және іске асыруға жастардың қатысуы;
6) мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға және іске асыруға ғылыми, кешенді және дәйекті көзқарас қағидаттарына негізделеді.

2015 жылғы 9 ақпандағы № 285-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жастар саясаты туралы заңы.
31.05.2018 1091

Тізімге оралу