Jastar AI чат-ботын пайдаланушылар саны қарқынды өсуде
Жастарға арналған Jastar AI виртуалды кеңесшісін пайдаланушылар саны күн сайын артып келеді. Қолданушылардың белсенділігі сервиске деген жоғары сұранысты, сондай-ақ ақпаратты жылдам әрі ыңғайлы форматта алуға деген қажеттілікті көрсетеді.
Еске сала кетейік, жақында ғана іске қосылған чат-бот Қазақстан жастарына білім, денсаулық, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік, баспана, еріктілік, гранттар және басқа да бағыттар бойынша ақпаратты бір жерден ұсынады.
Қолданушы тек өзіне қажетті тақырыпты таңдайды, ал жүйе талаптар, қадамдық нұсқаулықтар және ресми дереккөздерге сілтемелерді автоматты түрде береді.
Сервис қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді. Jastar AI-ға Telegram арқылы t.me/JastarLive_bot сілтемесі немесе QR-коды арқылы қосылуға болады. Сонымен қатар пайдаланушылар WhatsApp нөмірі +7 771 406 6271 арқылы да хабарласа алады.
Жобаны әзірлеушілердің айтуынша, Jastar AI жастардың мемлекеттік қолдау шараларына қолжетімділігін арттырып, ақпараттық теңсіздікті төмендетуге бағытталған маңызды құрал болып отыр. «JASTAR.AI — бұл мүмкіндіктер ашатын тура жол», – деп атап өтті «Жастар» ғылыми зерттеу орталығы.