Жастарға жаңа мүмкіндік: JastarLive чат-бот жұмысын бастады
Мемлекеттік бағдарламалар - жастарға арналған қолдау. Олар туралы ақпарат алмай, еліміздегі көп жастар берілген мүмкіндікті өткізіп алады. 14-34 жас аралығындағы ел түрғындарына арналған JastarLive чат-бот бар.
Білімнен баспанаға, жұмыстан денсаулыққа дейін барлық ақпаратты жинаған ерекше ботты кез-келген адам қолдана алады. Енді ондаған сайтты шарлап, ақпарат іздеудің қажеті жоқ. Қолданушы жолдаған сауалға бот жылдам жауап береді. Мысалы, баспаналы болуды мақсат еткендерге JastarLive қолжетімді бағдарламаларды көрсетеді.
Жеңілдетілген ипотека, арнайы бағдарламалар немесе арендаға берілетін баспана туралы бір минуттың ішінде білуге болады. Білім алып, дамуды көздейтін жастарға бот мемлекеттік гранттар, тегін курстар, төленетін практика табуға көмектеседі. Карьера, денсаулық, кәсіпкерлік, волонтерлік және өзге де өзекті сауалдар мен бағдарламалар жайында толық ақпаратты ыңғайлы әрі жылдам алуға болады.
Сондықтан, құрметті жас тұрғын, саған қатысты ақпаратты дәл қазір тексер. JastarLive ботына жаз да, мемлекеттік бағдарламалардың артықшылығын сезін.