Жаңалықтар
Ақтөбе облысы бойынша жыл басынан бері нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы 157 іс-шара ұйымдастырылып, онда 7 808 жас қамтылды.

Ақтөбе облысы бойынша жыл басынан бері нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы 157 іс-шара ұйымдастырылып, онда 7 808 жас қамтылды.

Ақтөбе облысы бойынша жыл басынан бері нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы 157 іс-шара ұйымдастырылып, онда 7 808 жас қамтылды.

Ақтөбеде өткен нашақорлыққа қарсы шараларға 8000-ға жуық жас тұрғын қатысты.


Құқық қорғау органдары мен бірлесе жастар ресурстық орталықтарының мамандары еріктілерді, жастар ұйымдарын тарта отырып, нашақорлықтың алдын алу жұмыстарын күшейту мақсатында көшелер мен саябақтарда, жатақханаларда, сауда орындарда, ойын клубтарында 172 рейд жұмыстарын жүргізді.


«JAN AHUAL» психологиялық орталығы мамандары Мәртөк, Қобда, Ойыл, Алға, Хромтау аудандарында жергілікті прокуратура, полиция өкілдерімен біріге отырып «Жастарға кеңес» жобасы аясында оқу орындары мен жастар арасында кездесулер ұйымдастырды. 


«Жас сақшы» еріктілер тобы, «Жастар рухы» ҚБ және жастар ресурстық орталықтары мамандары, құқық қорғау органдары бірлесе облыс көлемінде «НаркоStop!» облыстық ауқымдағы акциясы ұйымдастырылып, 300-ге жуық жас тұрғын қатысты. Ақтөбе жастарының күшімен 40-тан астам тұрғын үй мен қоғамдық ғимараттардың қабырғаларында нашақорлықты насихаттайтын 500-ден астам граффити жазбалар өшірілді. 


26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне орай өңірде жалпы саны 16 іс-шара өткізілді. 1 мыңнан астам жастардың қамтылуымен 8 спорттық сайыс, 4 акция, 3 ақпараттық түсіндіру жұмыстары, 1 сахналық қойылым ұйымдастырылды. “Нағыз күш - таза санада” бағытында бейнеролик түсіріліп, әлеуметтік желілерге таратылды, «Нашақорлыққа қарсымыз!» тақырыбында челлендж ұйымдастырылады. Және облыс көлемінде “Нашақорлыққа жол жоқ” атты волейболдан, футболдан т.б. спорт түрлерінен турнир өткізіледі. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде есірткіге тәуелді жастардың саны азайып келеді. Мысалы, өткен жылдың осы кезеңімен салыстыратын болсақ облыс бойынша ресми есепте тұрған нашақор жастардың саны 383 тіркеліп, 29-%-ға азайған. Сонымен қатар ішімдікке әуес жастардың саны да 879-дан 701-ге азайған.

18.11.2025

Возврат к списку