Жаңалықтар
Халықаралық студенттер күні: тарихы мен ерекше дәстүрлері

Халықаралық студенттер күні: тарихы мен ерекше дәстүрлері

Халықаралық студенттер күні: тарихы мен ерекше дәстүрлері

17 қараша - халықаралық студенттер күні. Тарихы қайғылы оқиғадан бастау алса да, бүгінгі таңда барша студенттердің атаулы күніне арналған мерекені бүкіл әлем тойлайды. 

1946 жылы 17 қарашада Прагада Бүкіләлемдік студенттер конгресі өтті. Шара аяғындағы ең айшықты жаңалық осы мерекенің пайда болуы.

Баға мен білімнің арасында көңілді кезеңге айналған студенттік шақ әр адамның өміріндегі балауса кезең. Болашақ маман иелері жоғары оқу орын қабырғасынан тек оқу оқымай,  адамгершілік дәріс алады, өмірлік дос табады. 

Мерекеге орай, студенттерге қатысты әлемдегі қызықты дәстүрлерді назарларыңызға ұсынамыз:

1. Жапон студенттері сәттілік үшін емтиханға шоколадпен ғана кіреді 
2. Вьетнам да студенттер банан жеуден бас тартады.  Себебі банан "тайғақ жеміс" ретінде сәтсіздік әкеледі деп есептейді 
3. АҚШ-тағы әйгілі Пристон университетінде студенттер "Адалдық кодексі" бойынша ант беріп, емтиханды ұстазсыз тапсырады 
4. Гиннестер Рекордтық кітабына енген ең ұзын шпаргалканың ұзындығы  - 600 метр. Оны Литвалық студент 16 сағат бойы дайындаған 
5. Францияның Нант қаласында студенттер шаршаса демалатын "ұйқы" бөлмесі бар.

Ал біздің елімізде бүгінгі таңда 122 жоғары оқу орны жұмыс істейді, және оқу орындарында 680 мыңнан астам студент бар. Халықаралық студенттер күнімен құттықтаймыз.
17.11.2025

Возврат к списку