Жаңалықтар
Жастар отбасы құрудан қашпайды

Жастар отбасы құрудан қашпайды

Жастар отбасы құрудан қашпайды

Отан отбасыдан басталады. Қоғам жастардың отбасы құруға асықпайтынын алға тартады. Бұған ел жастарының карьера мен қаржылық еркіндікке басымдық беруі әсер етуі мүмкін. 

Алайда, бұл қызықты сұрақты  Жастар ғылыми зерттеу орталығы да әр өңірдің жас тұрғындарымен талқылап көрді. "Өмірдегі басты құндылығыңыз не?" деген сауалға 31.6% жігіттер, 36.5% қыздар "отбасын құрып, балалы болу" деп жауап берген. 

Сонымен қатар, 78.9% жастар заңды некеге тұруды оң көреді. Тек 11.7% ғашықтар заңды некесіз де бірге тұрмыс кешуге болатынын айтады. Осы орайда некеге қатысты қыздардың жауапкершілігі басымырақ,  себебі 83.4% нәзік жандылар "тек заңды неке" жауабын таңдаған.  Ер адамдардың 74.5%-ы отбасын заңды тұрғыда құрғысы келеді. 

Дегенмен, некеге ерте немесе кеш тұру сауалына әркім әртүрлі жауап береді. Некеге тұруға түбегейлі қарсы жастар жоқтың қасы. Ең бастысы қоғамда босағасы берік, бақытты отбасылар көп болсын.
13.11.2025

Возврат к списку