Жаңалықтар
Ақтауда жастар ресурстық орталықтарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі өтті

Ақтауда жастар ресурстық орталықтарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі өтті

В Актау состоялось заседание Координационного совета по развитию молодежных ресурсных центров

Ақтауда жастар ресурстық орталықтарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі өтті

2025 жылдың 5 қарашасында Ақтау қаласында жастар ресурстық орталықтарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің қолдауымен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастырды

Кеңес жұмысына еліміздің барлық өңірлерінен жастар ресурстық орталықтарының басшылары қатысты.

Кеңесте жастар ресурстық орталықтарының тиімді жұмысын бағалау, инфрақұрылымдық дамуын жетілдіру, үздік өңірлік тәжірибелермен алмасу, сондай-ақ жастармен жұмыс істеу саласына инновациялық және цифрлық шешімдерді енгізу мәселелері қарастырылды.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Гүлісхан Нахбаева жастар ресурстық орталықтарының қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін таныстырып, олардың жұмыс сапасын арттыру бағытындағы негізгі көрсеткіштерге тоқталды.

 Алматы облысы жастар орталықтарының инфрақұрылымын жаңғырту тәжірибесімен бөліссе, Қарағанды, Атырау және Павлодар облыстарының өкілдері жастарды қолдау, дамыту және креативті форматта жұмыс істеу бағытындағы жобалары туралы айтты.
05.11.2025

Возврат к списку