Жаңалықтар
Қазақстан жастарының 4/1-інде депозит жинағы бар

Қазақстан жастарының 4/1-інде депозит жинағы бар

У каждого четвёртого молодого казахстанца есть депозит

Қазақстан жастарының 4/1-інде депозит жинағы бар

Жастар зерттеу орталығы ел жастарының қаржылық сауаттылығына байланысты сауалнама жүргізді.  Қазақстан жастарының 4/1-інде депозит жинағы бар.  Жеке қорына қаржыны  әсіресе 24-28 жас аралығындағы тұрғындар жинайды екен.

Сауалнама нәтижесіне көз жүгіртсек,
14-18 жас аралығындағы жастардың 9.4%-інде, 
19-23 жас аралығындағы жастардың 22.2%-інде, 
24-28 жас аралығындағы жастардың 28.8%-інде, 
ал 28-34 жас аралығындағы жастардың 25.4%-інде депозит жинағы бар екен. 

2.8% жастарда қос-қостан депозит болса, 43.4% жастарда тек бір депозит жинағы бар. Демек, балаң ұрпақ жас қосылған сайын келешекке қаржы қорын жинауды әдетке айналдырған, әрі оған қаржылық мүмкіндігі бар деген сөз. 

Жастардың жинақтау потенциалы жаспен тығыз байланысты. Банктік депозиттер жаңа буынның ата-ана қалтасына қарамай,  қаржылай тәуелді болуының да көрсеткіші. 

Елімізде депозит ашу тегін, әрі кез-келген суммада, кез-келген жаста, тіпті онлайн ашуға болады.
28.10.2025

Возврат к списку