Құрметті, отандастар!
Сіздерді Республика күнімен құттықтаймыз!
Көк байрағымыз тұғырынан түспесін. Еліміздің егемендігін білдірер ұлттық мерекеміз әр шаңыраққа қуаныш пен бақыт әкелсін.
Ел игілігі үшін ерен еңбек ететін білімді, дарынды өздеріңіздей жастарымыз көп болғай.
Көне күннен ата-бабаларымыз жастарға үлкен сенім артқан. Ел Президенті Қасым Жомарт Кемелұлы өз сөзінде: «Қазақстанның жастары – жасампаз. Мен мұны үнемі айтып жүрмін. «Жас келсе – іске»,- деп бекер айтпаған.
Еліміздің келешегі ойы ұшқыр, білімі терең, көзқарасы заманауи жастардың қолында.
Білімге тереңінен бойлайтын жастарымыздың жетістігін айта отырып, кеудемізді мақтаныш кернейді. Жаңа толқын елімізді жаңа белестерге шығаратынына сенімдіміз.