БИЫЛ КҮЗДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ СТИПЕНДИЯСЫ ӨСЕДІ
Бірінші қыркүйектен бастап студенттердің стипендиясы өседі. Бұл туралы президенттің төрағалығымен өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген отырысында вице-премьер Алтай Көлгінов айтты. Оның айтуынша, жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің стипендиясы көтеріледі.
«Бірінші қыркүйектен бастап 380 мыңнан астам студенттің шәкіртақысы колледжерде 50 пайызға, университеттерде 20 пайызға артады», - деді Көлгінов.Астанада президенттің төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Көлгіновке дейін премьер-министр Әлихан Смайылов баяндама жасады. Ол биыл қаңтар-наурыз айларында жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 4,9%-ті құрағанын айтты.
Қазақстанның халықаралық резервтері 94 миллиард долларды құрады. Атап айтқанда, өткен жылдың басынан бері Ұлттық қордың активтері 3 миллиард долларға өсіп, 58 миллиард долларға жетті.