Жаңалықтар
Мемлекеттік жастар саясатында не өзгермек? Қызылордада ЖРО-ларды дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесі өтті

Мемлекеттік жастар саясатында не өзгермек? Қызылордада ЖРО-ларды дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесі өтті

Что поменяется в государственной молодежной политики? Координационный совет по развитию МРЦ прошел в Кызылорде

Мемлекеттік жастар саясатында не өзгермек? Қызылордада ЖРО-ларды дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесі өтті

Қызылорда қаласында Жастар ресурстық орталықтарын дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Талқылау барысында Қазақстандағы мемлекеттік жастар саясатын дамытуға бағытталған негізгі мәселелер мен жоспарлар қарастырылды.

Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов «Сыр жастары» атты жаңа тұрғын үй бағдарламасы, NEET санатындағы жастарға қолдау көрсету және өңірде жүзеге асырылып жатқан жастарға арналған басқа да бастамалар туралы сөз етті.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Баймолдинов заңнамадағы өзгерістер мен Қазақстан Республикасының 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатының жаңа тұжырымдамасының негізгі бағыттары туралы айтты. Жастардың жас шегін 29 жастан 35 жасқа дейін арттыру мемлекеттік жастар саясаты саласындағы түрлі жобаға қатысу мүмкіндігін арттыруға септігін тигізетіні ерекше назарға алында.

Қарағанды облысының Жастар ресурстық орталығының директоры Аида Искакова ЖРО қызметкерлері төмен жалақы алып жүргенін өзекті етіп, өңірдегі жалақыны көтеру тәжірибесі жөнінде білерін бөлісті.

Шара аясында ЖРО арасындағы үздік ақпараттық материалдар байқауының жеңімпаздары марапатталды. Бұл байқау – жастар саясатын ақпараттық қамтудың маңызды құралы және жастармен сапалы жұмыс жүргізу мақсатында ЖРО қызметкерлері үшін ынталандырушы фактор.

Сондай-ақ Кеңес мүшелері жас кәсіпкерлердің көрмесімен танысып, әскери-патриоттық мұражайға, «Кітап құрттары» кітап клубына, IT-парк пен Ақпараттық-сараптамалық орталыққа барып қайтты.

Анықтама үшін: Жастар ресурстық орталықтарын дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесі мемлекеттік жастар саясаты жүйесіндегі жұмыстың сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында орталықтардың әдістемелік және практикалық қызметін үйлестіруге бағытталған.

24.04.2023

Возврат к списку