Жаңалықтар
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталылығында зерттеу нәтижелері талқыланды

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталылығында зерттеу нәтижелері талқыланды

На базе научно-исследовательского центра «Молодежь» обсудили результаты исследования

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталылығында зерттеу нәтижелері талқыланды

2022 жылғы 7 қазанда «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ҮЕҰ, халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ өңірлік жастар ресурстық орталықтарының өкілдерімен және тәуелсіз сарапшылармен «Қазақстан жастары» жобасы шеңберінде жастардың әлеуметтік әл-ауқатын зерттеу нәтижелерін талқылауды өткізді.

Атап айтқанда, жастардың азаматтық белсенділік пен бастамалардың белгілі бір түрлеріне қатысу деңгейі, қазіргі ұрпақтардың құндылық пирамидасының динамикасы және ағымдағы көріністі анықтайтын бірқатар факторлар туралы зерттеу деректері таныстырылды.

Ең алдымен, пікірталасқа қатысушылар елдегі және өңірдегі макроэкономикалық ахуалдың өзгеруіне, сондай-ақ күрделі халықаралық ахуалға және ұрпақтық өзгерістерге байланысты болуы мүмкін жастардың өмірлік құндылығының да материалдық әл-ауқатының айтарлықтай өскенін атап өтті.

Талқылау қорытындысы бойынша орталықтың 2023 жылға арналған зерттеу тақырыптарын өзектендіру бойынша бірқатар ұсыныстар тұжырымдалды.

07.10.2022

Возврат к списку