Жаңалықтар
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының халықаралық өзара іс-қимылы

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының халықаралық өзара іс-қимылы

Международное взаимодействие Научно-исследовательского центра «Молодежь»

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының халықаралық өзара іс-қимылы

5 қазанда Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы арасында Өзбекстан Республикасы Жастар істері агенттігімен онлайн-кездесу өтті.

Қазақстан мен Өзбек тарапының жастар ынтымақтастығы саласындағы өзара қарым-қатынастарды халықаралық нығайту қажеттілігін түсініп, дарынды жастарды қолдау құралдарын құру мен дамытуда тәжірибе алмасу, жастар әлеуетін орнықты іске асырудың экожүйесін құру және екі елдің екіжақты ынтымақтастығын кеңейту мүмкіндігі мәселелері талқыланды.

Тараптар бұдан әрі тығыз ынтымақтастықты жалғастыру қажеттігі туралы бірауыздан қорытындыға келді.

Өзбек тарапынан Жастар істері агенттік директорының орынбасары Каттаханова Дилнозахон Собир кизи қатысты, Қазақстаннан Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Баймульдинов Қайрат Дүйсенбайұлы қатысты.

05.10.2022

Возврат к списку