Жаңалықтар
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері фактчекинг тақырыбындағы семинарға қатысты

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері фактчекинг тақырыбындағы семинарға қатысты

Сотрудники Научно-исследовательского центра «Молодежь» приняли участие в семинаре на тему Фактчекинга

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері фактчекинг тақырыбындағы семинарға қатысты

Ағымдағы жылдың 27-29 қыркүйегі аралығында Алматы қаласында Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі Factcheck.kz жоба өкілдерімен бірлесіп TOT (ағылш. training for trainers) форматында семинар-тренинг өткізді.

Фактчекинг (ағылш. fact-check) - фактілерді сөзбе-сөз тексеру, ақпараттың дұрыстығын тексеру. Фактчекинг әдістерінің көмегімен қоғамдық тұлғалардың мәлімдемелері, әлеуметтік желілердегі және мессенджерлердегі резонанстық мәлімдемелер мәтін, фото және бейне форматында тексеріледі.

Семинар-тренинг барысында жалған жаңалықтардың мысалдары, сондай-ақ оларды анықтау құралдары мен ақпараттың дұрыстығын тексеру әдістері көрсетілді.

Жаһандану жағдайында және әртүрлі ақпарат көздерінен жаңалықтар ағынының кеңеюі жағдайында медиа сауаттылықты арттыру қажеттілігі қоғамдық өмірдің маңызды элементі болып табылады.

Семинар-тренингке ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің, Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінің өкілдері, ҮЕҰ сарапшылары, журналистика саласындағы мамандар және Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі филиалдарының қызметкерлері қатысты.

30.09.2022

Возврат к списку