Жаңалықтар
Жастар саясаты саласында екпін қойылатын бағыттарды өзгерту керек - Андрей Чеботарев

Жастар саясаты саласында екпін қойылатын бағыттарды өзгерту керек - Андрей Чеботарев

Необходимость изменения акцентов молодежной политики отметил Андрей Чеботарев

Жастар саясаты саласында екпін қойылатын бағыттарды өзгерту керек - Андрей Чеботарев

Жастар саясаты саласында екпін қойылатын бағыттарды өзгерту керек. Бұл туралы «Jastar: ózekti másele» сараптама алаңында «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаңтар оқиғасы көрсеткендей, Алматыда шеруге көбіне жастар шықты. Осы орайда бұл оқиғалардың куәгері болған әріптестеріммен, қоғам өкілдерімен пікір алмастым. Наразылық пен тәртіпсіздікке қатысқандардың орташа жасы негізінен біз талқылап жатқан санаттағы адамдар. Дегенмен олардың арасында NEET санатындағы жастар ғана емес, білімі мен біліктілігі бар жастар да болуы мүмкін. Елімізде дипломдары бар жастар өте көп. Яғни, олар білім алмаған жастар ғана емес, сонымен қатар колледж, жоғары оқу орындарының дипломдарын алған, бірақ жұмысқа орналаспаған. Мүмкіндігі барлардың елден қоныс аударатыны өкінішті жағдай. Ал мұндай мүмкіндігі жоқтар негізінен ауылды жерлерден, депрессивті өңірлерден мегаполистерге, оның ішінде Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкен сияқты қалаларға қоныс аударады. Бірақ бұл жағдай тығырықтан шығара алмады. Біз Шымкентте де ахуалдың тұрақсызданғанын көрдік», - деді Андрей Чеботарев «NEET санатындағы жастар: әлеуметтену мәселелері мен оларды шешу жолдары» тақырыбында өткен отырыста. 

Сарапшының айтуынша, елде біраздан бері елде жастар саясатының болуына қатысты пікірталас жүріп жатыр. 

«Біреулері керек емес дейді, себебі дамыған елдерде мұндай түсінік жоқ екенін айтуда және өзін-өзі басқару, қоғамдық ұйымдар секілді түрлі құрылымдарға сенім арту керек деп санайды. Тәуелсіздік алғанымызға айтарлықтай көп уақыт өтпегенін ескерсек, бізге мемлекеттік жастар саясаты керек деп пайымдаймын. Алайда бұл салада қойылатын екпіндердің орнын ауыстырған дұрыс болар. Осы орайда талдамалық бағытты айтарлықтай күшейткен жөн», - деді Андрей Чеботарев. 

Пікірталас барысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Баймульдинов комитет зерттеу ұйымдарымен бірлесе сарапшылық әрі азаматтық қоғам өкілдерімен диалогты дамытуды жалғастыратынын атап өтті. Бұл өз кезегінде жастардың проблемаларын шешу үшін кері байланыс орнатуға және қажетті қадамдарды әзірлеуде маңызды. Сондықтан алдағы уақытта да жастар саясатын дамытудың жаңа бағыттарын талқылау бойынша сарапшылық кездесулер мен талқылаулар жалғасатын болады.

21.01.2022

Возврат к списку