Жаңалықтар
Ақтөбеде «Жасыл ел» жастары марапатталды

Ақтөбеде «Жасыл ел» жастары марапатталды

Ақтөбеде «Жасыл ел» жастары марапатталды

Ақтөбеде биыл «Жасыл ел» жасағы құрамында мыңнан астам жас еңбек етті. Олардың 32-і Нұр-Сұлтан қаласында демалуға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы бойынша жаз айларында мыңға жуық белсендіні жұмыспен қамту жоспарланды. Жоспар орындалды, 1 050 бала еңбекке араласты. Соның ішінде 730 адам Ақтөбе қаласынанда, 320 адам 12 ауданда еңбек етті. Олардың еңбекақысына 74 млн теңге бөлініп, игерілді.

«2022 жылы бұл бағыттағы жұмыс жалғасады. 1200 жасты жұмыспен қамту жоспарда бар. Биыл 70 мың теңгеден астам еңбекақы алса, келер жылы 85 мың теңге болады. Бұл жастарға керек. Жұмыс істеп, еңбекке араласты, сонымен бірге байқауларға қатысып, бір-бірімен танысты, достарының қатарын көбейтті», - деді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева.

Жауынгерлер ағаш егіп, гүлзарлардың күтімін жасады. Қоқыс жинап, құрылыс жұмыстарына көмек берді. «Үздік командир» номинациясын Құралай Бақыткереева, «Үздік жоғарғы оқу орны» номинациясын «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті», «Үздік арнайы оқу орны « номинациясын Бәйішев жоғары медициналық колледжі иеленді. Шалқар ауданы «Үздік аудан» номинациясын алды. Ал «Батыс-Ақтөбе» басқарушы компаниясы «Үздік жұмыс беруші» атанды. Барлығы 32 студент Нұр-Сұлтан қаласына жолдама алды.

«Олар үш күн бойы Нұр-Сұлтан қаласында қыдырып, демалады. Жастар өте белсенді. Бұл бағыттағы жұмыс әрі қарай жалғасады», - «Атамекен» құрылыс жасағының төрағасы Нұрлыбек Мусин.

29.10.2021

Возврат к списку