Жаңалықтар
ШҚО-да жастардың 40 пайызы жұмыссыз жүр

ШҚО-да жастардың 40 пайызы жұмыссыз жүр

ШҚО-да жастардың 40 пайызы жұмыссыз жүр

ШҚО-да жастардың 40 пайызы жұмыссыз жүр

Шығыс Қазақстан облысында жастардың жұмыссыздық деңгейі 40,3% құрап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семейде биыл екінші жыл NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру бойынша жоба жүзеге асырылуда. NEET – түрлі себептер бойынша оқымайтын, жұмыс істемейтін және өз біліктілігін арттырмайтын жастар.

Жоба шеңберінде аталмыш санаттағы жастардың проблемалары кешенді түрде зерттелуде. Бұл туралы Ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихатында Жастар және балалар ұйымдарының Шығыс Қазақстан облыстық а ссоциациясы Семей қалалық филиалының директоры Эльзира Жүнісова мәлім етті.

«Екінші тоқсанның қорытындысы бойынша өңірде NEET жастарының саны – 5,8% құрап отыр. Бұл көрсеткіш республикалық деңгейден айтарлықтай төмен. Жоба шеңберінде жастардың қатысуымен семинарлар, сұхбат алаңдары және басқа да іс-шаралар өткізілуде», - деді ол.

Жүргізілген әлеуметтік сауалнамаға сәйкес, бүгінгі таңда Шығыс Қазақстанда жастардың жұмыссыздық деңгейі 40,3% құрап отыр. Эльзира Жүнісованың айтуынша, аймақ жастарының жұмыссыз болуының басты себептерінің бірі – жұмыс іздеуге деген ниеттің жоқтығы емес, лайықты жұмыстың болмауы.

28.10.2021

Возврат к списку