Жаңалықтар
Елімізде ревматизмге шалдыққандар қатары артқан

Елімізде ревматизмге шалдыққандар қатары артқан

Елімізде ревматизмге шалдыққандар қатары артқан

Елімізде ревматизмге шалдыққандар қатары артқан

Ел халқының бір проценті ревматизмге шалдыққан. Қазір бұл сырқат кең тараған аурулар арасында үшінші орында тұр. Бүгін алматылық ғалымдар әлемнің түкпір-түкпіріндегі дәрігерлердің басын қосып, онлайн конференция өткізді.

Еліміздегі ревматизмге шалдыққан науқастардың 72 проценті – еңбекке жарамды жастар. Ал олардың жартысынан көбі – әйелдер. Сондықтан өзге елдердің дәрігерлерінің тәжірибесін білу маңызды.

Ғалымжан Тоғызбаев, ҚР Бас ревматологы, медицина ғылымдарының докторы:

– Жүйелі ревматикалық аурумен ауыратындарға такаясу, шөгрен, жүйелі қызыл жегі, ревматоидты артрит, анкелоздық спондилит деген диагнозы бар науқастар жатады. Сондай мыңдаған адамдарды қарап, зерттеп, оларға уақытылы әлемдік деңгейдегі ем-шараларды жасап, жақсы нәтижеге қол жеткізіп жатырмыз.

Профессор ревматоидты ауруларды анықтайтын ғылыми зерттеу орталығын өз елімізде де құру маңызды екенін айтады. Айтуынша, кейінгі жылдары адамзатты әбігерге салған коронавирус та аталмыш диагнозы бар науқастарға біраз залалын тигізген. Және бұл үлкен зерттеуді талап етеді екен.

Ғалымжан Тоғызбаев, ҚР Бас ревматологы, медицина ғылымдарының докторы:

– Мына вакцина жөніндегі аутоиммундық аурулар туралыайтатын болсақ, ревматоидтты артрит, жүйелі қызыл жегі сияқты аурумен ауыратын науқастарға дені сау адамдармен салыстырғанда вакцина бірінші берілу керек. Біз оған әлемдік зерттеулер нәтижесі арқылы қол жеткізіп жатырмыз. Ревматоидты аурумен ауырған адамдардың ауру кезеңдері және сатылары өте ауыр жағдайда өтеді.

Әлем ғалымдары бас қосып, пікір алмасқан конференцияда емдеудің жаңа әдістері жан жақты талқыланды.

25.10.2021

Возврат к списку