Жаңалықтар
«Өрелі ұрпақ» жазғы әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінің үшінші легі басталады

«Өрелі ұрпақ» жазғы әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінің үшінші легі басталады

Стартует третий поток летней школы социального предпринимательства «Өрелі ұрпақ»

«Өрелі ұрпақ» жазғы әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінің үшінші легі басталады

2021 жылдың 19 шілдесінде «Өрелі ұрпақ» жазғы әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінің үшінші легі басталады.

Әлеуметтік кәсіпкерлік мектеп «ҮЕҰ Академиясы» жобасы аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мұрындық болуымен Astana International University негізінде жүзеге асырылуда.

Жазғы мектеп аясында бизнес жоспарларды жасау, қызметтерді сату; әлеуметтік жобаларды іске қосу және басқару; қаржыландыру көздерін іздестіру және демеушілік гранттарға өтінімдерді рәсімдеу сияқты тақырыптарға тренингтер өткізілетін болады. Сондай-ақ бизнес-тренерлер қатысушылардың дағдыларын онлайн режимде дамытатын болады. Оқыту тегін.

Барлық мәліметтерді +7 701 730 5411 телефоны арқылы білуге болады.

15.07.2021

Возврат к списку