Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Алматы қаласындағы "Достық үйінде" жастар ұйымдарының көшбасшылары және белсенділермен кездесу өткізді.
Кездесуге ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты В.Нәбиев, ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин, ҚХА «Жарасым» республикалық жастар ұйымының төрағасы Т.Жұмырбаев, «Jas Otan», «Қазақстан волонтерлер лигасы», «Медицина жастары» жастар ұйымдарының көшбасшылары, сондай-ақ, Алматы қаласы мен Алматы облысы «Жаңғыру жолы» ҚХА РЖҚ өңірлік штабтарының өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында жастар мен студенттік ұйымдарды ҚХА қызметіне тарту, ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының қызметін контенттік толықтыру, жастар жобаларын іске асырудың жаңа форматтары, сондай-ақ, жастар үшін әлеуметтік мүмкіндіктерді кеңейту бойынша сұрақтар мен ұсыныстар қарастырылды.