Жаңалықтар
Жастар саясаты саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру бойынша іс-шаралар өтуде

Жастар саясаты саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру бойынша іс-шаралар өтуде

Идут мероприятия по повышению квалификации специалистов в области молодежной политики

Жастар саясаты саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру бойынша іс-шаралар өтуде

2021 жылдан бастап жастарға жан-жақты демеу көрсету, сонымен қатар «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығымен мемлекеттік жастар саясатын жергілікті деңгейде іске асыруды әдістемелік қолдау мақсатында жастар ресурстық орталығы қызметкерлеріне арналған үш семинар-тренинг өтті.

Барлық семинар-тренингтер ҚР АҚДМ қолдауымен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жанындағы «Мемлекеттік жастар саясаты мектебі» аясында өтті.

Семинар-тренингтер барысында ақпараттық сауаттылық («ProInfo»), NEET-жастармен жұмыс («NEET: сын-қатерлер мен мүмкіндіктер») және аймақтық жастар ресурстық орталықтарын бағдарламалау сияқты өзекті тақырыптар қарастырылды.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы қызметкерлерінен бөлек сессияларды жүргізуге әртүрлі кәсіби салалардан танымал отандық тренерлер мен сарапшылар атсалысты.

Семинар-тренингтерге еліміздің түкпір-түкпірінен жастар саясаты саласындағы жалпы жүзден астам маман қатысты. Семинар-тренинг соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

«Жастар» ҒЗО жыл соңына дейін «Мемлекеттік жастар саясаты мектебі» аясында ЖРО мамандары мен жастармен жұмыс істейтін қызметкерлерге арналған тағы да бірнеше семинар-тренинг өткізуді жоспарлап отыр.

21.05.2021

Возврат к списку