Жаңалықтар
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды

Объявление конкурса на соискание ежегодной премии «Дарын»

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жариялайды.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы -  ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салаларында жемiстi еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында ұсынылады.

Байқау «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Қоғамдық қызмет», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада», «Халық шығармашылығы» атты 10 номинация бойынша өтеді. 

Сыйлық алуға халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдар мен түрлі шаралардың лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті сала мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал еткен Қазақстан Республикасының 29 жасқа дейінгі азаматтары сыйлық алуға үміткер бола алады.

«Дарын» жастар сыйлығын алуға кандидатураларды ұсынуды мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктердің өкілдері жүргiзедi.

Жеңімпаздарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріледі және дипломмен, төсбелгілермен сондай-ақ ақшалай сыйлықпен марапатталады.

Жыл сайын сыйлықты ұсыну Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін мерекелеу аясында өткізіледі. 

«Дарын» жастар сыйлығы ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының бастамасымен 1992 жылы тағайындалған. Әр жылдары аталған сыйлыққа түрлі саладағы 294 азамат иеленген болатын.

Ізденушілердің құжаттарын 2021 жылғы 10 тамызға дейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті (қағаз нұсқасы) келесі мекенжай бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы, Мәнгілік ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты
(14-кіреберіс), 8/7172/74-05-25, 8/7172/74-18-43 (8-701-170-46-54) және (электрондық нұсқа) premiya.daryn@gmail.com эл. пошта арқылы қабылдайды.

20.05.2021

Возврат к списку