Жаңалықтар
Шығыс жастарының шығар шыңы

Шығыс жастарының шығар шыңы

Шығыс жастарының шығар шыңы

Шығыс жастарының шығар шыңы

«Қоғамға қызмет етуді зердесіне түйген ұл-қыздарымыз нағыз азамат болары анық. Дана Абай айтқан «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» дәл қазіргі кезеңде ауадай қажет. Бұл асыл қаситеттер волонтерлер қатарына қосыламын деген әрбір жастың бойынан табылады», - деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Осы қағиданы алға қоя отыра Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Арайлым Есімбекованың ұйымдастыруымен С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Қазақстан-Американдық Еркін университетімен және Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжімен «Волонтер болу – жүрек қалауы» атты офлайн форматта кездесулер өткізілді.

Басты мақсаты – студенттерге жастар саясатының мақсат, міндеттерін таныстыру, республикалық  жобалар жайлы ақпараттандыру, жастардың потенциалын көтеру, волонтерлік жұмысты күшейту.

Сонымен қатар шара соңында Облыстық жастар ресурстық орталығының жанынан волонтерлерге арналған «Jas Media»  журналистер мектебі ашылды. Медиа мектептің тренері Облыстық жастар ресурстық орталығының әдістемелік секторының басшысы Еркежан Досмұхамбетова.  Мектеп аясында С. Аманжолов атындағы ШҚУ-де «Altaі jastary» және ҚАЕУ-де «Атамекен» телестудияларын да жастарға арналған бағдарламаларды түсірді. Студенттерге бірнеше бағыт бойынша:  тележурналистика, баспасөз журналистикасы, интернет журналистика, факчекинг бойынша «Журналист болғың келсе...» атты семинар-тренингтер өткізді.

ccbb94fc-a779-4179-9d1a-6b324a88c001.jpg

«Bilim» бағыты бойынша барлық қалалар мен аудандар да әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы және мүмкіндігі шектеулі отбасыларын да тәрбиеленіп жатқан жастарға  586 волонтер 6 402 оқушыға қазақ, орыс, ағылшын тілдерін үйренуге және Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындауда. 

Атап өтерлігі, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әр аптаның сәрсенбі күні online форматта викториналар өткізуде. Мысалы, Қ. Қайсенов, М. Мақатаев, O. Сулейменов және «Айқап» журналының 110 жылдығына орай және т.б. Бұл арқылы жастарды қазақ әдебиетіне қызықтыру, өткен тарихты саралау, әлеуметтік желі де қазақша контент құру болып табылады. 

ШҚО Ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ баспасөз қызметі

27.04.2021

Возврат к списку